786
Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
Құтқарушылар 2010 жылы туған жасөспірімдердің бірінің денесін 4,5 метр тереңдіктен тапты
13 және 14 жастағы екі жасөспірім Атырау қаласының Көкарна шағын ауданындағы Жайық өзеніне батып кетті. Олар жабдықталмаған жерде шомылған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар 2010 жылы туған жасөспірімдердің бірінің денесін 4,5 метр тереңдіктен тапты. Олар мәйітті шығарды. Екінші жоғалған адамды іздеу жалғасуда.
Іздестіруге жеке құрамның 15 адамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.
Сондай-ақ ведомство Атырау облысының аумағында шомылу маусымы ағымдағы жылы ашылмағанын хабарлады.