Майқайыңдағы апат: Бір құтқарушының денесі табылды
Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі мәлімдеді.
19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 м тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі мәлімдеді.
Әкімдіктің ақпаратынша, ол 4 қаңтарда "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған.
Бұдан бұрын 2 құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданған.
Сканерлеу және автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін сканері бар "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды. Сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың 12 метр тереңдікте орналасқандығы анықталды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды. - делінген хабарламада.
Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД психологы да келді.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға болған күні Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары 2 денені тауып, жер бетіне көтерген болатын. Жұмыстар тоқтатылып, қайта жанданды.