675
Танымал футболшы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Футболшы жуырда жаңа клубпен 4 жылға келісімшарт жасасқан болатын.
Жапония құрамасының әрі Германияның «Майнц» командасының ойыншысы Кайшу Саноға топтасып қыз зорлады деген айып тағылды.
Sport24.ru хабарлағандай, Сано мен оның 20 жастағы екі досы 30 жастағы әйелді зорлаған. Әйел Токиодағы полиция бөліміне барып арыз жазған, көп ұзамай футболшы мен оның достары қамауға алынды.
23 жастағы Кайшу шілденің басында жапондық «Касима Антлерс» командасынан Германияның «Майнц» командасына ауысып, 4 жылға келісімшарт жасасқан болатын.