Астраханьда Қазақстанның консулдығы ашылады

Хаттамаға Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрліктерінің басшылары қол қойды.

Астраханьда Қазақстанның консулдығы ашылады
istockphoto.com
440

Қазақстан мен Ресейде екі консулдық ашылады. Тиісті үкімет қаулысының жобасы «Ашық нормативтiк құқықтық актiлер» порталында жарияланды.

Құжаттқа сәйкес, осы жылдың мамыр айында Қазақстан мен Ресей екі консулдық: Қазақстанның Астраханьдағы консулдығы мен Оралдағы Ресей консулдығын ашу туралы келісімге қол қойды.

Хаттамаға Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрліктерінің басшылары қол қойды.

«2024 жылғы 20 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге Хаттама бекітілсін.

Келісімге хаттаманы бекіту Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», – деді құжатты әзірлеушілер.

Үкімет қаулысының жобасы 26 шілдеге дейін талқыланып, содан кейін күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары