Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы өтпей қалған жекпе-жек туралы айтты

Ол осы айқас үшін 7 000 миль жолды артқа тастап келгенін айтты.

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы өтпей қалған жекпе-жек туралы айтты
Instagram/janibek_alimkhanuly
2654

 WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович өтпей қалған жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

«Осы айқас үшін 7 000 миль жолды артқа тастап, саяхаттадым. Алайда күтпеген жағдай болып, жекпе-жектің болмай қалғаны әрине өкінішті. Бұл әлбетте ғасыр оқиғасы болды. Амал жоқ көнеміз. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге көп рақмет. Осы бір келеңсіздікті еңсеруге сіздер көмектесесіздер», — деп жазды Михайлович. 

Серіктес жаңалықтары