881
Батыс Қазақстан облысында үш қыз суға батып кеткен
Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 11 шілде күні Ақжайық ауданына қарасты Мерген ауылы маңында болған, деп жазды turkystan.kz.
Сол күні Жайық өзені жағасының шомылуға тыйым салынған тұсынан белгісіз жағдайда жоғалып кеткен үш жасөспірімнің заттары (велосипед, киімдері) табылды. БҚО ТЖ департаменті құтқарушыларының күшімен 2010 және 2011 жылғы қыздардың денесі судан шығарылды. Жасөспірімдерді іздеуге ТЖ, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар есебінен 70 адам, 20 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомстводан.
Олардың екеуінің денесі сол күні жағаға шығарылды. Ал үшіншісі 12 шілде күні судан табылды.