Жасанды интеллект комитетінің басшысы тағайындалды

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы болды.

Жасанды интеллект комитетінің басшысы тағайындалды
primeminister.kz
442

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ғиззат Байтұрсынов Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын бітірген.

Кәсіби мансабын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық индустрияны дамыту департаментінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысты.

2020-2023 жылдар аралығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электроника өнеркәсібін және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма директоры және директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ICRIAP электронды индустрияны және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры болды.

Серіктес жаңалықтары