Шавкат Рахмонов бапкеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Шавкат аталған көлікті тізгіндеп апарып, кілтін жаттықтырушысына табыстаған.

Шавкат Рахмонов бапкеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)
instagram/shavkatrakhmonov94
718

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) бас бапкері Баян Жанғаловқа көлік сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат аталған көлікті тізгіндеп апарып, кілтін жаттықтырушысына табыстаған.

Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов тренері Баян Жанғаловтың жетекшілігінде ММА бойынша әлем чемпионы атанса, M-1 Global лигасында чемпион титулын жеңіп алған. 

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Еске салсақ, бұған дейін Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.

Серіктес жаңалықтары