Павел Дуров Қазақстанға жасаған сапары жайлы жазды

Павел Дуров Қазақстанға жасаған сапары жайлы жазды
Telegram/durov
680

Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға жасаған сапарынан алған әсерін бөлісті. 

«Жақында Орталық Азияның экономикалық қуатты орталығы — Қазақстаннан оралдым. Бас қала Астанада, жарқ-жұрқ еткен Алматыда, көркем Бурабайда және табиғаты тамаша Шарын шатқалында болдым. Қазақстанның сұлулығынан оның амбициялары ғана асып түсе алады. Ел бизнеске жайлы саясаты мен қолайлы салығы арқылы халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды өзіне тартады. Ол сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім мен ғылымдағы жетістіктерін еселеп отыр», - деп жазды Павел Дуров Telegram парақшасында.

Оның айтуынша, 20 млн қазақстандықтың 12,5 миллионы ай сайын Telegram пайдаланады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық.

«Біз қазақ халқының негізгі коммуникациялық алаңы бола алғанымызды мақтан етеміз және оның жылдам экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деген үміттеміз», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары