«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

Құны 900 миллион теңгені құрайды.

«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды
saryarka-hc.kz
468

Қарағандыда прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

«Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданады», - деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, 2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Оның негізгі міндеті – заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау.

Серіктес жаңалықтары