ШҚО-дағы 2 ауылдың шекарасы өзгереді

Ұлан ауданына қарасты Ново-Азовое және Новая-Канайка ауылының аумағы ұлғаяды.

ШҚО-дағы 2 ауылдың шекарасы өзгереді
Фото: Turkystan.kz
496

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігі мен мәслихатының «Ұлан ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен шешімі мен қаулысы дайындалды.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Құжатқа сәйкес Ұлан ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары өзгереді:

  • Азовое ауылдық округі Ново-Азовое ауылының шекарасының (шегіне) Ұлан ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 877,26 гектар жерді қосу арқылы Азовое ауылдық округі Ново-Азовое ауылының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы ауданы 3184,94 гектар шекарасында белгіленсін;
  • Айыртау ауылдық округі Новая-Канайка ауылының шекарасының (шегіне) Ұлан ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2424,71 гектар жерді қосу арқылы Айыртау ауылдық округі Новая-Канайка ауылының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы ауданы 3434,79 гектар шекарасында белгіленсін.

Серіктес жаңалықтары