«Тапсырыспен жазылған ба?»: Төреғали Төреәлі өзі жайлы қауесетті жоққа шығарды

Желіде «өнер иесі тапсырыспен ән жазып, көлік жүргізу куәлігін қайтарып алды» деген қауесет тараған.

«Тапсырыспен жазылған ба?»: Төреғали Төреәлі өзі жайлы қауесетті жоққа шығарды
instagram

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жақында қазақ полицейлеріне ән арнап, бейнеклип түсірген болатын. Бұдан кейін желіде «өнер иесі тапсырыспен ән жазып, көлік жүргізу куәлігін қайтарып алды» деген қауесет тарады. Алай әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, әннің шығу тарихын айтып берді.

«Елдің көкейінде жүрген қандай сұрақ деп ойлайсыздар? Көбісі менің куәлігімді сұрап жатыр. Сосын «Қазақ полициясы» деген ән тапсырыспен жазылған ән бе?» деп сұрапты. Енді сіздерге сол әннің тарихын айтып берейін. Жалпы, қандай мақсатпен шықты? Бұл ән Қайнар Алагөзовтің өлеңіне жазылған Құрал Молжановтың әні. 2019 жылы Естай Бақбергенов деген жігіт орындаған. Телефон соғып, сөйлесіп, рұқсатын алдық. Рахметімізді айтқан болдым. Бұл әнді айтуға ешкім тапсырма берген жоқ. Өзіміз ақылдасып, «айтсақ қалай болады екен" деп әкенің де ақылын сұрадық. Қанішерлік қанымда жоқ, жағымпаздық жанымда жоқ. Жүрекжарды, шын жүректен сіздерге арнап шыққан ән. Ал енді куәлікке келетін болсақ... Мен қазір жаяу Төрешпін», – деді өнер иесі.