Теннистен Қазақстан командасының көшбасшысы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ширек финалда Елена Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны сенімді түрде жеңді.
Е. Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, 2022 жылы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде топ жарған болатын.