Екібастұзда өз өмірімен қоштаспақ болған ер адам құтқарылды

Полицияға хабарласқан әйел жолдасынан біртүрлі хабарлама алғанын айтқан.

Екібастұзда өз өмірімен қоштаспақ болған ер адам құтқарылды
istockphoto.com

Тәртіп сақшыларынан ер адамның әйелі көмек сұраған, деп хабарлады turkystan.kz порталы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға туралы сағат 08.55 шамасында полицияға қоңырау келіп түскен. Ашуланған әйел жұбайының есік ашпайтынын және оның өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын хабарлады. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері Қуаныш Мүсірәлінов пен Серік Әділден тұратын автопатруль дереу жіберілді. 

 Сол жерге келген соң әйел бізге жүгіріп келіп, жұмыста болғанын және жолдасынан біртүрлі хабарлама алғанын айтты. Хабарламада ол өз өмірімен қоштасқысы келетінін жазған. Уақытты жоғалтпай, біз пәтерге терезеден кірдік, бөлмеде өмірмен қоштасуды көздеген ер адамды таптық, – деді қызмет инспекторы Қуаныш Мүсірәлінов.

Ер адамды тәртіп сақшылар  оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.