802
Журналист Дина Төлепберген Президентке үндеу жасады
Ол уақыт белдеуінен бас тартуды ұсынды.
Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген ҚР Президентіне үндеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Менің уақыт жайлы жазбам үлкен қолдауға ие болды. Көп рахмет! Пікірге қарасам, елдің көбі жазғы уақыт сәйкестігімен келіспей жатыр, ал қысты күдікпен күтуде. Бұл әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындарын алаңдатады", - деген Дина Төлепберген шығыста күннің 03.21-де ататынын жазған.
Танымал журналист уақыт белдеуінен мүлдем бас тартып, батыс және шығыс уақыттарын бөлек жасау керегін айтады.
Осылайша журналист Тоқаев пен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларын белгілеп, үндеу жариялады.