624
Қазақстан «Азия балалары» ойындарында 107 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы 17 алтын, 31 күміс, 59 қола жүлде жеңіп алып, жарыс кестесінде 7-орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасы Ресейдің Якутск қаласында өткен VIII «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында 107 медаль еншіледі.
Жүлде алған барлық спортшымыз көрермендер алдында шеруде сап түзеп өтті.
Кешті құрметті қонақтар қатарында осы ойындардың түлегі, VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының бас төрешісі Мерей Акшалов, сондай-ақ бірнеше мәрте осы жарысқа еліміздің делегациясын бастап келген Мәлік Сапашев тамашалап жатыр.
Қазақстан құрамасы 17 алтын, 31 күміс, 59 қола жүлде жеңіп алып, жарыс кестесінде 7-орынға жайғасты. «Азия балалары» ойындарында ең көп медаль иеленген 10 құрама:
- Өзбекстан – 36 алтын, 31 күміс, 21 қола;
- Cібір федералды округі – 31 алтын, 31 күміс, 32 қола;
- Белорусь Республикасы – 27 алтын, 21 күміс, 30 қола;
- Cаха Республикасы – 25 алтын, 26 күміс, 30 қола;
- Мәскеу – 25 алтын, 19 күміс, 20 қола;
- Орал федералды округі – 22 алтын, 23 күміс, 25 қола;
- Қазақстан – 17 алтын, 31 күміс, 59 қола;
- Қиыр Шығыс федералды округі – 16 алтын, 13 күміс, 38 қола;
- Таиланд – 8 алтын, 9 күміс, 5 қола;
- Корей Халық Демократиялық Республикасы – 7 алтын, 1 күміс, 0 қола.
Айта кетейік, «Азия балалары» ойындарына 24 елдің спортшылары қатысты. Олар 24 спорт түрінен 239 медальдар жиынтығын сарапқа салды.