Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден әлем кубогында жүлде алды

Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден әлем кубогында жүлде алды
Olympic.kz
528

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.

Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды. 

Бұған дейін Эдуард Ким мен  Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын. 

Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді. 

Серіктес жаңалықтары