«Үйге алып келе бермеші»: Қайрат Нұртастың анасы ұлының құрбан боларын сезгенін айтты

Танымал продюсер қамауда отырған ұлына арнап жазба жариялады.

«Үйге алып келе бермеші»: Қайрат Нұртастың анасы ұлының құрбан боларын сезгенін айтты
Фото: Stan.kz
445

Гүлзира Айдарбекова ұлы қамауға алынғаннан кейін желіде жазба қалдырды, деп жазды turkystan.kz.

«Түске дейін, анасы қандай күйде деп мазалауға ыңғайсыздық танытып, сіздердің де жүректеріңіз тыным бермей, түс ауа қоңыраулар мен хаттар еш тоқтаған жоқ. Иә, журналистерге де «хайп» табылып, бірі «сауап болды» деп күлкіге қарық болып, жандары рахаттанып ойларына келгенін жазса, 90 пайыз халық жанашырлықпен жүректері жылап жатты. Алғашында түннен аман шығам ба жоқ па деп ойладым. Құр сүлдем қалғандай, жанарым бір нүктеге қадалып, ұзақ отырдым, ішім өртенді, күйдім-жандым, рас. Жолдасымның, бала-шаға, ағайын, достарымның уайымы ұлымнан бұрын мен болғанымды да сезіндім», - деді ол.

Продюсер ес жиып, кішкене де болса бас көтеруіне күйеуінің ұрысқаны әсер еткенін айтты.

«Нұрекең телефон соғып «елдің балаларында одан да ауыр сынақ болып жатқандары бар, ер азамат болған соң басынан бәрі өтеді, еңсеңді көтер, сен мықты болуың керек» деді. Қазір бәрін ойлап, ойым жан-жаққа шашыраңқы болып тұрғаны рас. Сонда да болса, ұлымның сот процесі басталысымен көмекшісіне қарап, мамам жыламасыншы деп ымдап түсіндіріп жатқанын көріп, көзімнің жасына ерік бердім, бірақ ұлыма көрсетпедім. Жанына жақын ұстап, үстіндегі киімдеріне дейін шешіп беріп, қимас дүниесі мен ақшасына дейін бөлісіп, бауырым деп жақын тұтып жүрген досы, бір сәтте жауына айналады деп кім ойлаған? «Менің де көргенім көп, балам, бәріне ақ жүрегіңмен сенім артып, жаныңа жинап, үйге алып келе бермеші» деп айтқан кездерім де жоқ емес. Оның үстіне көп нәрсенің құрбаны болуға ел алдында жүргенінің де әсері тиерін ана жүрегім сезбейді емес. Ұлыма бар тілерім: сағы сынбай, жүзінде мұң болмай, Алла амандық пен сабыр берсін! Ал сіздерге тілерім: ешбір ананы құдай баласымен сынамасын!», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Серіктес жаңалықтары