Астанада әлем чемпионы атанған грек-рим балуаны қайтыс болды

Ол 55 келіде белдесетін.

Астанада әлем чемпионы атанған грек-рим балуаны қайтыс болды
Ресейдің спорт күресі федерациясы

Грек-рим күресінен әлем чемпионы, грузиялық балуан Нугзар Цурцумия қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz Грузияның күрес түрлерінен ұлттық федерациясына сілтеме жасап.

27 жастағы Цурцумия өз үйінен өлі күйінде табылған. 

55 келіде белдескен Цурцумия 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Осылайша, Грузия құрамасы әлем чемпионаттарында грек-рим күресінен араға 12 жыл салып, алтын жүлде иеленген болатын.