612
Бапкер Мұхит Амантаев футболға бөлінген қаржыны боксқа бағыттауды ұсынды
Боксшы жастарды түрлі жарыстарға өз қалтасынан ақша шығару арқылы апаратынын айтты.
Мұхит Амантаев қазақ боксының жыл сайын құлдырап бара жатқанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Бокс өнерінің жылдан жылға деңгейі төмендеп барады! Неліктен? Себебі қарапайым кіші кадеттегі ұлттық құрамада жүрген балалардың жиындарға баруына, басқа қалаларда өтетін турнирлерге шығуына қаржы бөлінбейді. Олардың толық барып келуіне жұмсалатын ақша ата-аналар мен мына біз сияқты бапкерлердің жеке қалтасынан шығады! Менің ойымша, футболға бөлінген қаражаттың кішкене бір бөлігі осы болашағынан көп үміт күттіретін қара көз қазақ балаларымызға бөлінсе, біздің бокс одан әрі биік шыңдарды бағындырары сөзсіз!», - деп жазды танымал бапкер әлеуметтік желіде.