Елордада өтетін отшашудың уақыты өзгерді

Отшашу жарты сағат ерте басталатын болды.

Елордада өтетін отшашудың уақыты өзгерді
Сурет: www.istockphoto.com
232

Ауа райына байланысты Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымдастырылған отшашуды (3 шілде) іске қосу жарты сағат бұрын басталуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.

«Осылайша, отшашуды іске қосудың болжамды уақыты 21:30-дан 22:30-ға дейін болады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған», - делінген елорда әкімдігі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының өту уақыты шамамен сағат 22:15-те (22:30).

Серіктес жаңалықтары