ШЫҰ саммиті: Өзбекстан президенті Астанаға келді

Шавкат Мирзиёевті әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

ШЫҰ саммиті: Өзбекстан президенті Астанаға келді
primeminister.kz
711

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевті әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

 Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.

 Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады. Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті. Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.

Серіктес жаңалықтары