Жапондықтар интернет жылдамдығы бойынша жаңа рекорд орнатты

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 12,5 миллион фильмді жүктеп алу үшін бар болғаны 1 секунд қажет.

Жапондықтар интернет жылдамдығы бойынша жаңа рекорд орнатты
сурет: istockphoto.com

Жапондықтар интернетті 402 Тбит/с жылдамдыққа жеткізіп, әлем бойынша жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы phys.org сайты жазды. 

Бұл – өте жылдам, салыстырмалы түрде айтар болсақ, 12,5 миллион фильмді жүктеп алу үшін бар болғаны 1 секунд қажет.

Ең қызығы, бұл жылдамдық стандартты талшықты-оптикалық кабель арқылы алынған, ал бұл технология әлі кең тарала қойған жоқ.