Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланады

ЖЭО аумағындағы апатты жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау жөнінде шешім қабылданды.

Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланады
wikipedia
232

Екібастұз қаласының билігі Energy Solutions Center ЖШС-дегі авариялық жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялауға шешім қабылдады. Аталған кәсіпорын — «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы әрі Екібастұз жылу-энергия орталығын басқарып отыр.

Екібастұз қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысында ЖЭО аумағындағы апатты жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау жөнінде қабылданған шешім жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

«Energy Solutions Center» ЖШС-де болған аварияға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып «Energy Solutions Center» ЖШС бас директоры Айдарбек Кыстаубаев тағайындалсын (келісім бойынша)», — деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары