Атырау облысының Индер ауданында қарақұрт қаптады. Жәндіктер 10 адамды шаққан, оның екеуі бала.
Телеарнаның мәліметінше, зиянкестің саладыран 87 түйенің сегізі, 9 жылқының бесеуі өлген. Қарақұрт осы ауданға қарасты барлық округтің жайылымдық жерлерінде кездеседі екен. Сондықтан жауапты мамандар шаруаларға бақылауды күшейтуді тапсырған.
Сондай-ақ тұрғындарға қарақұрт шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек екені ескертілді.