Ватикан күн энергиясына қосылмақ

Энергия Ватиканды толықтай қуат көзімен қамти алады.

Ватикан күн энергиясына қосылмақ
сурет: istockphoto.com
769

Рим Папасы Ватиканды электрмен қамтамасыз ету үшін жаңа күн энергия станциясы салынатыны туралы мәлімдеді. "Күн бауырым" деген хатында понтификтің осы жобасы жайлы айтылған. Бұл туралы euronews.com хабарлады. 

Рим Папасы Франциск жаңартылатын энергия көздерін қолдануды қолдап, Ватиканның күн энергиясын пайдалануын мақсат ететінін жеткізді.

Бұл мақсатқа жету үшін Рим сыртындағы Ватиканға тиесілі жерлерге күн панельдері орнатылады. Осылайша алынған энергия Ватиканды толықтай қуат көзімен қамти алады.

Өз бастамасымен жазған апостолдық хатында понтифик: "Біз парник газдарының бөлінуін азайтып, климаттың бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған тұрақты даму үлгісіне көшуіміз қажет" деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары