ТЖМ құтқарушылары қазақстандықтарды тасымалдау үшін Қырғызстанға барды

Бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді

ТЖМ құтқарушылары қазақстандықтарды тасымалдау үшін Қырғызстанға барды
Видеодан алынған кадр
832

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен ел азаматтарын эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін Қырғыз Республикасының Ош қаласына барды, деп жазады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары бар.

Бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді.

Бұған дейін ҚР ТЖМ ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды, ондағы мамандар Қырғызстан ТЖМ және біздің елшілікпен тұрақты байланыста, - деп жазылған мәліметте.

Өскеменде ШҚО ТЖД бастығы Рашид Биляловтың үйлестіруімен екі тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб базасында жергілікті атқарушы органдармен бірге қайтыс болған балалардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Серіктес жаңалықтары