Павлодарда өзін атып жіберген полицей есін жимастан қайтыс болды

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты

Павлодарда өзін атып жіберген полицей есін жимастан қайтыс болды
Ашық дереккөз

Павлодар қаласының №1 ауруханасы 2002 жылы туған жас жігіттің қайтыс болғанын нақтылады. Ол өзін-өзі табельдік тапаншамен атып, жарақаттаған, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін-өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттағанын, жедел жәрдем оны жансақтау бөліміне жеткізген.

Өкінішке қарай, Павлодар қаласының №1 ауруханасының дәрігерлері 2002 жылғы туған жігіттің өміріне араша түсе алмады. Ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл ақпаратты аурухана басшылығы нақтылады. Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен себебі анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде, - деп хабарлады Полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.