Анасына ерегескен қыз Facebook қолданушыларының көзінше өзіне қол салды

Анасына ерегескен қыз Facebook қолданушыларының көзінше өзіне қол салды

Анасына ерегескен қыз Facebook қолданушыларының көзінше өзіне қол салды
ашық дереккөзі
Америкалық 14 жасар Найки Венант есімді жеткіншек Facebook желісіндегі тікелей эфирде өзіне қол салды. Бұл қадамға ол анасына деген ренішінен кейін барған. Сұмдығы сол, 3 сағаттық трансляцияны қыздың анасы Джина Кейз де тамашалап, оны суицид жасауға өзі итермелеген. Бұл туралы The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап sn.kz хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, күйзелістегі қызын жұбатудың орнына Джина оны мазаққа айналдырған. «Ол таланған бөлтірікке ұқсайды, ата-анасын тыңдамай, танымалдылыққа кенелгісі келеді», — деп жазған Джина Кейз тікелей эфир кезінде. Фэйсбук қолданушылары қыз өзіне қол салмай жатып полицияға хабар берген екен. Алайда, Венанттың нақты мекен-жайын білмегендіктен тәртіп сақшылары біршама уақыт жоғалтқан. Ал, қыз тұрып жатқан үйге келгенде жуыну бөлмесінен оның мәйітін тауыпты. Кейінірек белгілі болғандай, Найки Венант 2009 жылдан бері өзге отбасында тәрбиеленіп келген екен. Анасы оған зорлық-зомбылық көрсеткендіктен, құқық қорғаушылар баланы уақытша тартып алып, Джинаны емдемек болған. Алайда, әйел оң жолға түспепті. 2015 жылы ол қызынан өз еркімен бас тартқан. Кішкентай Найки анасының мұндай қадамына қатты ренжіп күйзеліске түскен дейді сыныптастары. «Ол асыранды бала болудан қатты қорқатын» ,— дейді қыздың достарының бірі. Джина болса полицияға берген жауабында Facebook-ке мүлдем кірмегенін, оның орнына белгісіз біреулердің жазба қалдырғанын айтып отыр. Қорғаушысы Говард Таленфилд те әйелдің сол уақытта мүлдем интернетке кірмегенін дәлелдемекші.