«Өтірік айтудан шаршамадың ба?»: Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарға ренішін білдірді

Оның айтуынша, Ернар Айдар алғашқы ұстазы, сазгер Қуаныш Құрманбаевтың еңбегін жоққа шығарған.

«Өтірік айтудан шаршамадың ба?»: Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарға ренішін білдірді
коллаж: Тurkystan.kz
1323

Ернар Айдар «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында, өзін сахнаға шығарған алғашқы адамы деп ағасы Талғат Айдарды атап көрсетті.

Қарлығаш Сұлтанша әнші Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады. Оның айтуынша, Ернар Айдар алғашқы ұстазы, сазгер Қуаныш Құрманбаевтың еңбегін жоққа шығарған

«Мені сахнаға жетелеп алып шыққан әуелі Алла, сосын осы Талғат ағам. Ағаммен жұмыс істеген кезде тоқтамай ән жаздық. Кейін ол кісі өзінің жеке кәсібімен кетті де, «Ары қарай өзің жұмыс істеп көр. Бәрін біліп, үйреніп алдың» деп мені бөлек жіберді. Содан кейін кішкене саябырсып қалдық. Қасымдағы жігіттер де «Ән жазбай қойдың ғой» деп айтты. Кейін ағаммен қайта бірлесе жұмыс бастап, «Шүкір» әнін жазып шықтық», – деді әнші Ернар Айдар.

Әншінің бұл сөзіне Қуаныш Құрманбаевтың жары Қарлығаш Сұлтанша ренішін білдірді.

«Мен негізі әділетсіздікке шыдай алмаймын. Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ бұлай ұстазыңның еңбегін жеме, Ернар! Продюсерім деп жүрген ағаң қасыңнан неге кетті?! Оны мен білемін. Осыншама өтірік айтудан шаршамадың ба? Енді мені тоқтата алмайсың», – деп жазды Қарлығаш әнші.

Серіктес жаңалықтары