944
«Есіңде сақта!»: Әйгерім Қалаубаева қызына өмірлік кеңес берді
Әнші қызына арнап әсерлі жазба жариялады.
Эстрада жұлдызы Әйгерім Қалаубаева қызының алдағы өміріне қажет болатын ақыл-кеңеспен бөлісті, деп жазды turkystan.kz.
«Есіңде сақта, қызым! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады! Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады!
“Сәлеметсіз бе!”, “Кешіріңіз!”, “Рахмет!”, “Сау болыңыз!”, “Ин ша Алла?”, “Алла қаласа?”, “Салем айтыңыз!”, “Рұқсат па?” секілді тағы да басқа сөздерді күнделікті өмірде орнымен қолдана біл! Амандаса білу, əсірелеп сөйлемеу, кешірімді жəне сыпайы болу қыздың бар болмысы болуы керек!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.