"Бәріміз ауру боламыз": Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде егеуқұйрық қаптады

Бұл туралы тұрғындар айтып, шағым түсірген.

"Бәріміз ауру боламыз": Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде егеуқұйрық қаптады
сурет: ztb.kz
390

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде егеуқұйрық қаптады. Бұл туралы ztb.kz жазды. 

Егеуқұйрықтар Астанадағы "Баскару 2" тұрғын үй кешенін жайлап алған. Бұл туралы тұрғындар айтып, шағым түсірген. Олар егеуқұйрықтар ойын алаңының жанында орналасқан кіреберістерде және қоқыс жәшіктерінде өріп жүргенін айтады.

Ақпаратқа сүйенсек, тұрғын үй кешенінің ауласы таза емес, антисанитария: темекі тұқылдары, қоқыс, жағымсыз иіс. Тек құрылыс қалдықтары ғана емес, сонымен қатар шіріген тамақ та көп. Мұндай жағдай кеміргіштердің тіршілік ету ортасы мен көбеюіне өте қолайлы.

Серіктес жаңалықтары