Бүгін ел аумағында жел соғып, жаңбыр жауады – Қазгидромет

23 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ел аумағында жел соғып, жаңбыр жауады – Қазгидромет
istockphoto.com
471

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 23 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ел аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталуда, атмосфералық фронттардың өтуінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батысында қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Жамбыл облыстарында қатты ыстық сақталады, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі болады.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облысында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Серіктес жаңалықтары