Алматыдан 200 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ

Алматыдан 200 шақырым қашықтықта жер сілкінді
istockphoto.com

ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі 22 маусымда Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі болғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 22:10-да болған.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырымда орналасқан», - делінген хабарламада.

Осы орайда сейсмологтар Қазақстан аумағында табиғи апаттың сезілмегенін алға тартты.