Еліміз жалақы бойынша екі жүзге жуық елдің ішінде 80-орында тұр

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы — 382 мың теңге

Еліміз жалақы бойынша екі жүзге жуық елдің ішінде 80-орында тұр
istockphoto.com
1948

Жалақы деңгейі бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 196 елдің ішінде 80-орынға тұрақтап отыр, деп хабарлады turkystan.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы — 382 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артық. 

Мәлімет бойынша, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарындағы тұрғындардың айлық табысы жоғары. Сондай-ақ алғашқы бестікке Астана мен Алматы да кіріп отыр.

Ал Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жалақы мөлшері төмен.

Серіктес жаңалықтары