Алматыдағы ҚазҰУ қалашығы аумағында студент жігіттің денесі табылды.
Желіде тараған видеодан оқиға ҚазҰУ маңындағы субұрқақ маңында болғанын көруге болады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттің жүрегі тоқтап қалған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.