«Қолымызда барлық айғақ бар»: Атырауда Қайрат Нұртастың концерті өтпей қалды

Продюсер ұйымдастырушылардың кесірінен концерт қоюдан бас тартуға мәжбүр екенін айтты.

«Қолымызда барлық айғақ бар»: Атырауда Қайрат Нұртастың концерті өтпей қалды
instagram

Танымал әнші Қайрат Нұртастың Атырау қаласындағы концерті өтпей қалды. Бұл жайында өнер иесінің продюсері Гүлзира Үсенқызы айтып берді.

«Құрметті, атырау қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Махамбет драма театрында өтетін Қайрат Нұртастың ән кеші болмайды. Себебі ұйымдастырушылардың кесірінен концерт қоюдан бас тартуға мәжбүрміз. Билеттеріңіздің ақшасын ұйымдастыруды қолға алған компаниядан қайтарып аласыздар. Қайрат Нұртастың командасы концертке дайын екенін хабарлап, жолға шығатынымызды айтқанда олардан ешқандай кері байланыс ала алмадық. «Сіздерден тудырған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз!», – деп жазды продюсер.

Сонымен қатар әнші ұшағының билетін өткізіп, әріқарай жоспар бойынша жұмысына кірісіп кеткен.

«Түнгі сағат 12-ге дейін жауап күтумен болдық. Командадағы жарты адамға билет алынып, қалғанына толық алынбаған. Тұтқаны мүлдем көтермейді. Қатты уайымға салынып, көз ілмедік. Амал жоқ, біз ұшпадық. Концерт көреміз деп алынған билеттің ақшасын қайтарып алыңыздар! Пәлен жыл жұмыс істеген ұйым дәл осылай ұятқа қалдырады деп ойламадық. Біз жақтан айып жоқ. Жолға дайын отыр едік. Қолымызда бүкіл айғақ бар», – деді Гүлзира Үсенқызы.