«Анам жылап қалады»: Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады
Өнер иесі Құрбан айтты биыл алғаш рет әкесінсіз қарсы алғанын айтты.
Әнші Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесіне сағынышын білдіріп, әсерлі жазба жариялады.
Өнер иесі Құрбан айтты биыл алғаш рет әкесінсіз қарсы алғанын айтты.
«Құрбан айт мерекесі әкемсіз. Ауылға келгелі келім-кетім үзіліп жатқан жоқ. Құран бағышталып, «әкең жақсы адам еді» деген жылы сөз жаныма қуат береді. Анам жылап қалады. Өмір ғой, Құдайға өкпе жоқ, бұған да шүкір деп, қой сойып, тәтем екеуміз турап, қуырдаққа дайындап жатырмыз», - деп жазды әнші. Өз сөзінде Бағлан Әбдірайымов әкесінің атына кір келтірмеуге уәде берді.
«Жаның жәннатта болсын, әке! Сағындым! Сіз жақ қалай? Оқылған құран, жасалған дұға барып жатыр ма? Қабіріңіз құран нұрымен нұрланып жатыр ма? Алладан үміт етемін. Біз жақ баяғыша, сол қалпы. «Тіршілігің қалай?» деп сұраушы едің. Сол қалпы, әке! Сіз кеткелі бірнәрсені үйрендім. Қасқайып, тірі жүруді. Уайымдай беруді қойдым. Ақыры өмірдің соңғы нүктесі осы болса, не үшін жанталасып, арпалысып жүрмін? Ниетімді түзеп ап, Аллаға тапсырып жүріп жатырмыз. Бастысы, атыңа кір келтірмеуге уәде беремін. Біз жақ осындай, әке. Артыңда қалған бала-шағаң аман болсын! Өсіп-өніп, түтініңді сөндірмейміз. Келесі кездескенше күн жақсы. Бізде бәрі жақсы, әке!», - деп жазды ол.