Биыл түлектердің 4 пайызы «Алтын белгі» иегері атанды

2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады.

Биыл түлектердің 4 пайызы «Алтын белгі» иегері атанды
скриншот

Биыл 7 420 түлек «Алтын белгі» алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады.

Оның ішінде 7 420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды.

Ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.