Қостанай облысында екі жасөспірім өзенге батып кетті

2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған

Қостанай облысында екі жасөспірім өзенге батып кетті
istockphoto.com
501

Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті, деп жазады turkystan.kz Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары