Сарыағаш ауданында 47 жастағы ер адам үйіне пеш орнату үшін жұмысшылар жалдаған, деп жазады turkystan.kz.
Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, жұмысшылар пеш орнатып жатқанда, ол досымен бірге ішімдік ішкен.
Әйел жұмысшыларға шай-тамақ берген. Мас күйеуі соған қызғанып, жұмысшыны ұрып-соғып, сосын қуып шыққан. Ал әйелді зиратқа апарып жазаламақ болған.
Досы екеуі әйелді ұстарамен қорқытып, таңғы 5-ке дейін қорлаған.
Жәбірленушінің күйеуі – 10 жылға, ал досы 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.