787
Ғалымдар дабыл қақты: Климаттың өзгеруінен ауру тарататын маса күрт көбейіп жатыр
Маса арқылы таралатын денге безгегі ауруының саны екі есеге жуық өскен, өйткені климаттың өзгеруі жәндіктердің көбеюіне қолайлы жағдай тудырып отыр.
Климаттың өзгеруінен ауру тарататын маса саны күрт көбейіп жатыр. Бұл туралы euronews.com жазды.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, былтыр Еуроодақ аймағындағы елдерде маса арқылы таралатын денге безгегі ауруының саны екі есеге жуық өскен, өйткені климаттың өзгеруі жәндіктердің көбеюіне қолайлы жағдай тудырып отыр.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, климаттың өзгеруі Еуропада масалар арқылы таралатын ауруларды өршіткен. Былтыр ЕО-да денге безгегінің 130 жағдайы тіркелген, бұл 2022 жылғы 71 жағдаймен салыстырғанда анағұрлым көп. Осы аптада Еуропалық Аурулардың Алдын алу және Бақылау Орталығы (ECDC) деректерді жариялап, дабыл қақты.
Масалардың инвазивті түрі ЕО-ның 13 елінде табылған.