Мазмұны
Солтүстік Қазақстан облысында қауіпсіздігі ең төмен колониядан қашып кеткен сотталған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, ер адам көлікті алып кеткені және ұрлағаны үшін үш рет сотталған. Сонымен қатар, ол екінші жазасын қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-түзеу мекемесінде өтеген.
Ол үшінші рет 2022 жылы маусымда шөп шабатын машинаны, сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан әртүрлі металл бұйым, жүк көлігін ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталды. Сотталған адам бұған дейін бұл әрекеттерін ақша жетпегеннен және мас болғаннн деп түсіндірген. Биыл 8 сәуірге дейін ол қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп, кейін қауіпсіздігі ең төмен колонияға ауыстырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық қылмыстық-атқару жүйесі бұл жайтты растады.
«Сотталған адам жұмыс орнынан колонияға оралмады. Оны іздестіруге мекеме мен ҚАЖД қызметкерлері жұмылдырылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Департамент өкілі қауіпсіздігі ең төменгі мекемелерде жазасын өтеушілер колониядан тыс жерде жұмыс істейтінін, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін мекемеге оралатынын түсіндірді.