598
«Әлсіздік бар»: Ауруханаға түсіп қалған Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жағдайын айтты
Актриса бүгінде әлі де әлсіздік пен бас айналу бар екенін жеткізді.
Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына қазіргі жағдайын айтып, бөлісті. Өнер иесі өзі үшін алаңдап жатқан жандарға алғыс білдірді.
Актриса бүгінде әлі де әлсіздік пен бас айналу бар екенін жеткізді.
«Қалайсыздар, достар? Мен МРТ-ға түсуге келдім. Жағдайымды сұрап жатқандарға көп рақмет! Тілек жазып, тез сауығып кетуімді тілеп жатқандарға Алла разы болсын. Бүгін менің жағдайым жаман емес. Жеңіл түрде әлсіздік пен бас айналу бар. Басымның қатты ауырғаны басылды. Екі күн ем алдым. Ертең МРТ қорытындысы белгілі болады. Бірақ өмір сүремін. Уайымдамаңыздар, сауығып кетемін», - деді ол Instagram-дағы парақшасында.