Бүгін ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
322

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың шығысында және орталығында күн күркіреп, бұршақ, нөсер жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады, түнде қиыр солтүстікте тұман түседі деп болжанады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында күн ысиды.

Ұлытау, Жамбыл облысында, Алматы облысының солтүстік жартысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, батысында, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, батысында, Қарағанды облысының орталығында, оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында, Жамбылдың шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Серіктес жаңалықтары