Бельгиялық Жәнібектің әкесі болуы мүмкін адамның деректері табылды

Жәнібектің туған әкесі деп танылған азамат өмірден өтіп кеткен.

Бельгиялық Жәнібектің әкесі болуы мүмкін адамның деректері табылды
Сурет: Newsroom.kz
580

Қазақ радиосындағы “Бармысың, бауырым” хабарының ұжымы бельгиялық Жәнібек Жұмағұловтың биологиялық ата-анасын іздеу жұмыстары жайлы тың деректерді айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

“Соңғы уақытта біздің үнсіз жүргенімізге қарап ашылған қылмыстық істі тоқтатып тастады деп ойламаңыздар. Зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі, ол кісі өмірден өткен болып шықты. Сондықтан марқұмның жақындары мен ет жақын адамдарымен сөйлесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім, бірақ туыстары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ тестіне қан тапсырудан бас тартты”, - деді авторлық бағдарламаның жүргізушісі Қымбат Досжан.

Тағы бір айта кететін жайт, редакцияға анонимді түрде Жәнібектің туған әкесімен бірге жұмыс істеген азамат хабарласқан. Ол Жәнібектің түр-тұлғасы туған әкесінен аумай қалғанын жеткізген.

 

Серіктес жаңалықтары