«Онда Аргентина ойнамайды»: Месси мен Мбаппе сөзге келіспей қалды

"Еуропа чемпионаты – өте маңызды әрі мықты турнир. Алайда..."

«Онда Аргентина ойнамайды»: Месси мен Мбаппе сөзге келіспей қалды
Global Look Press
552

Аргентина ұлттық құрамасының капитаны Лионель Месси Франция командасының капитаны, бұрын «ПСЖ» клубында бірге ойнаған командаласы Килиан Мбаппенің айтқан пікіріне қарсы жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Килиан Мбаппе бұған дейін берген сұхбатында Еуропа чемпионаты әлем чемпионатына қарағанда әлдеқайда қиын екенін атап өткен болатын.

Мұны естіген Лионель Месси ізінше ESPN-ге берген сұхбатында:

«Еуропа чемпионаты – өте маңызды әрі мықты турнир. Алайда онда әлемнің үш дүркін чемпионы Аргентина, бес дүркін чемпион Бразилия және екі дүркін жеңімпаз Уругвай командалары ойнамайды. Бұлар – айтарлықтай күші мығым командалар. Мықты деп осы құрамаларға қарата айтуға болады. Бәрі әлем чемпионы болғысы келеді. Ол турнирге кіл мықтылар келеді», – деп кесіп айтты.

Серіктес жаңалықтары