«Сирегені өтірік емес»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі жайлы жазба жариялады

Ол күйеуінің көзі тірісінде үйінен қонақ арылмағанын айтты.

«Сирегені өтірік емес»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі жайлы жазба жариялады
Instagram/ sultankyzy
20167

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің қонақжайлылығын еске алды. Ол жолдасы туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің көзі тірісінде үйінен қонақ арылмағанын айтты.

«Қайрекеңнің көзі тірісінде үйден қонақ арылмайтын. Қазір сирегені өтірік емес. Сонда да аптасына 1-2 рет ет асып, балаларды танитын, өзіміз жақын араласатын туған-туыстарды ғана шақырып тұрамыз. Әкесінің ұлдарға үйреткені, көрсеткені қазір әдет болып қалған. Екеуі де есік ашып, қонақтың киімін алып, қолға су құйып, әңгімесін тыңдап, үйлеріне қайтқанша асты-үстіне түседі», - деді ол.

 Журналист марқұм жолдасынан үйренгені көп екенін де жасырған жоқ.

«Жалпы отағасынан үйренгеніміз көп. Үстелге көкөністерді турамай қою, тәтті мен ыстық тамақты араластырмау…. «Кісі келгенде бірден алдына ет қойыңдар, қарны ашып келеді. Салатты да, басқасын да жеп үлгереді» дейтін. Қазір бәрі автоматты түрде орындалады. Ыдыс-аяққа да аса қатты назар аударды. Әдемілігі, сапасы, тұрғаны, стақан, қасық-шанышқының тазалығына дейін… Басқадан ақша үнемдесе де, үйдегі (шеті ұшып кеткен, суреті өшкен, ескірген) ыдысты жиі жаңартатын едік. Қайрекең кеткелі жаңартпаппын», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Серіктес жаңалықтары