Футболшы Рамазан Оразов еуропалық клубпен келісімшарт жасасты

Рамазан Оразов өткен маусымда Словенияның «Копер» клубында ойнаған.

Футболшы Рамазан Оразов еуропалық клубпен келісімшарт жасасты
ҚФФ
509

Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» клубының ойыншысы Рамазан Оразов даниялық «Силькеборг» клубымен келісімшарт жасасады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Оразовты тағы бір даниялық «Орхус» командасы өз сапына шақырған.

Айта кетерлігі, «Силькеборг» Дания кубогін жеңіп алған. Осылайша, олар еурокубок жарыстарына қатыса алады. 

Рамазан өткен маусымда Словенияның «Копер» клубының сапында доп тепкен. Бірақ кейін «Ақтөбеге» қайта оралды.

Серіктес жаңалықтары