Құран оқуды үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлаған

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындамады.

Құран оқуды үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлаған
Bild
628

Германияда 30 жастағы сириялық ер адам 5 пен 9 жас аралығындағы алты қызға зорлық-зомбылық жасады деген айыппен сотқа тартылды. Ата-аналар қыздарын оның үйіне араб тілі мен Құраннан жеке дәріс алу үшін әкелген, деп хабарлады turkystan.kz сайты Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Тергеушілердің мәліметінше, алепполық Захед 2018 жылдан бері өз пәтерінде кем дегенде 11 рет кішкентай қыздарды зорлаған. Айыптау қорытындысы бойынша, ол қыздардың жамбасын ұстап, оларды сүйген. Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтты. Кейін тағы бір шәкіртін зорлағаны белгілі болды.

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындамады.

Айта кетейік, былтыр Солтүстік Рейн-Вестфалияда балаларды зорлау көбейген. Қылмыс статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсіп, 5065 оқиға болған.

 

Серіктес жаңалықтары